Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атақты спортшы екінші белдесуінде Әзербайжан өкілі Балабай Ағаевты жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Енді 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында Сметов Франция спортшысы Энцо Джин мен Қырғызстан өкілі Тұғол Қанатбек уулу арасындағы кездесудің жеңімпазымен белдеседі.
Еске салайық, Елдос Сметов алғашқы айналымда Қытай дзюдошысы Суня Цзяхаоны жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.