28 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады, ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық күшейеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс және батыстың жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл мен тұман күтіледі.
Сонымен қатар республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында аптап ыстық сақталады. Күндіз Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Жамбыл облысының жекелеген аудандарында ауа температурасы +40+44 градусқа дейін көтеріледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында да +40+42 градусқа дейін ыстық болады.
Қазгидромет мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.