"Қазақстанның" егесі: Қасановтар отбасы Алматыда тағы екі қонақ үй салмақшы

Кәмшат Тілеухан 28 сәу. 2025 11:53 192

Қасановтар отбасы Қазақстан Даму Банкі арқылы жеңілдік қарастырылған қомақты қаржыны тарта отырып, Алматыда екі қонақ үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы банк сайтында пайда болған тиісті құжаттардан белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олардың бірі - Hilton қонақ үйін салуды қарастырады, қазірдің өзінде бұл ретте несие мақұлданған. Meliora by Vignette Collection қонақүйі бойынша әлі де банктік сараптама жүргізілуде.

Жалпы, Қасановтар отбасы Қазақстандағы 50 бай адамдардың қатарынан болады. Оларға Алматының визит картасы болып табылатын - "Қазақстан" (1977 жылы салынған), сондай-ақ Ambassador Hotel Almaty қонақ үйлері мен Premier Alatau қонақ үйді де қамтитын бизнес орталығы тиесілі. Қасановтар отбасы Түркиядағы бес жұлдызды Intercontinental Istanbul отелінің де егесі болып табылады.

Негізінен, 2024 жылы мамырда Алматыдағы Hilton-ды салушы - Sensata компаниясының аты бүкіл елге жария болды. Онда да әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып, 24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты кезінде. Сот барысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Әйтім Амангелді Sensata компаниясын Бишімбаевтар отбасымен байланыстырған. Ал 2024 жылы 1 сәуірде құрылыс компаниясы Бишімбаевтың Sensata Group-қа түк қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Сол кезде журналистер құжаттарды ақтара отырып, бұл мақсатқа Қазақстан Даму Банкінен "Star Zem" ЖШС несие сұрағанын анықтаған. Ал бұл ЖШС Хакан Қасановқа тиесілі болып шықты. Ал ол Алматы облысы мәслихатының бұрынғы депутаты Үсен Қасановтың баласы екен. Ал Үсен мен оның үлкен ағасы Зиятдин 2019 жылдан бастап Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енеді. Forbes журналының бағалауынша, ағайынды Қасановтардың байлығы 140 млн долларға бағаланады. Қонақүйлерден бөлек бұл отбасы ауылшаруашылығы және құрылыс материалдарына қатысты бірнеше ЖШС-ға иелік етеді.

Бейресми деректерге сәйкес, 16 қабаттан тұратын Hilton халықаралық мейманхана желісі Алматының тарихи бөлігінен орын теппек, яғни 28 панвиловшылар паркі маңынан, Қалдаяқов пен Қазыбек би көшесі қиылысындағы бұрынғы Құрылыс материалдары министрлігі, кейіннен Қазақстан архитекторлар одағы орналасқан ғимарат орнында. 

Айта кетсек, билік өкілдерінің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйі тәртіпсіздікті ұйымдастырған "бүлікшілердің командалық штабы" орналасқан жер болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар