Freedom Inside '26

Ресейлік азамат Қазаннан Алматыға жаяу шықты

Ресейлік азамат Қазаннан Алматыға жаяу шықты
Фото: instagram / isot_6.8

Ресейлік Никита Кузнецов Қазақстан мен Ресей халықтарының достығын көрсету мақсатында Қазан қаласынан Алматыға дейін жаяу сапарға шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Интернеттегі жаңалықтардың бәрі жаман. Ал мен басқа нәрсені көрсеткім келді», - дейді Никита. 

Осы оймен Ресей азаматы Никита Кузнецов Қазаннан Алматыға дейін жаяу жолға шықты.

40 күннен астам уақыт ішінде ол жүздеген шақырымды еңсеріп, шатырда түнеуді үйренген. Сондай-ақ ондаған қазақстандықпен танысып, шынайы өмірдің адамдар әлеуметтік желілерде бір-біріне жазатын пікірлерден мүлде өзгеше екеніне көз жеткізген.

Никита жолға 9 мамыр күні шыққан.