Қазақстандықтар депрессия кезінде жұмысқа шықпаса бола ма?

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2025 12:06

Қазақстандықтар депрессия кезінде жұмысқа шықпаса бола ма? Tengrinews.kz сауалына Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, депрессия диагнозын психиатр дәрігер қояды.

"Алғашқы белгілерді жалпы практика дәрігері немесе психолог анықтай алады, бірақ нақты диагноз қою, ем тағайындау және науқасты бақылау жұмыстарын психиатр дәрігер жүргізеді", – деп түсіндірді министрлік өкілі.

Депрессия кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге болады. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты ғана.

"Егер дәрігер науқастың жағдайы уақытша еңбекке қабілеттілігін шектейді деп есептесе, жеңіл дәрежедегі депрессия кезінде де уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылуы мүмкін", – деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Ал орта және ауыр дәрежедегі депрессия кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес стационарлық жағдайда емделу ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар