Қазақстандық оқушыға жиырмадан астам университет есігін ашты

Көркем Алдабергенова 24 қаз. 2025 09:10

Қазақстандық оқушыға жиырмадан астам университет есігін ашты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Белгілі сарапшы Айбар Олжаевтың ұлы Данияр Олжаев SAT халықаралық емтиханынан 1570 бал жинап, әлемнің кез-келген оқу орнына есік ашты. Бұл тест бойынша максималды 1600 балл жинауға болады. 

"IELTS-тан 8.0 деңгейін оның алдында алып қойған еді. Робототехникадан VEX әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартқаны, сонымен бірге Еуропа чемпионы екені тағы бар", - дейді Айбар Олжаев.

Айбар Олжаевтың сөзінше, қазақ тарихында SAT-тан 1570 балдан жоғары алған адам өте сирек. 
"Жалпы әлемде тапсырушылардың тек 2 пайызы ғана бұл межеге жетеді екен. Енді жиырмадан астам универ есігін ашты. Өзі таңдап алады", - дейді Айбар Олжаев. 
Айта кетейік, Данияр Aлматы-Наурызбай Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. 
"Бұл көрсеткіш– табандылықтың, жүйелі еңбектің және мақсатқа бағытталған дайындықтың нәтижесі. Даниярдың айтуынша, дайындыққа бір жылдан астам уақыт кеткен. Үлкен септігін мектептегі дайындық сабақтары мен сынақ тестілері атқарды. Олар өз күшіне сенімділігін арттырып стратегия қалыптастыруға көмектесті", - дейді мектеп өкілдері. 
Қазір Данияр өз тәжірибесімен және емтиханға дайындық лайфхактарымен мектептің 9–11-сынып оқушыларымен бөлісуді жоспарлап отыр.
"Ең басты кеңесім – дайындықты ерте бастап, күнінде жарты сағат бөлу керек. Тұрақтылық пен өз-өзіңе сенім – табыстың кілті", – дейді болашақ түлек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар