Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық блогерлерге қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Комитеттің мәліметінше, 63 отандық блогер кірісін өз еркімен жариялап, жалпы 2,8 млрд теңге табыс тапқандарын көрсеткен. Бұл сомадан 105 миллион теңге салық төленген.
13 наурыздағы жағдай бойынша, блогерлер 2 768,4 млн теңге көлемінде қосымша табысын ресми түрде декларациялап, 105 млн теңге көлемінде салық төлемін өтеген.
Бұған дейін салық органдарының ескертуінен кейін қазақ блогерлері 1,5 млрд теңге салық төлегені хабарланған еді.
Комитеттің мәлімдеуінше, камералдық бақылау өз бетінше табыс табатын барлық азаматтарға бірдей деңгейде жүргізіледі. 2025 жылы бұл бақылау нәтижесінде 80 000 жеке тұлғаға, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге де салықтық хабарлама жіберілген.