Қазақстандық блогер "Қыз Жібек" фильмі туралы күтпеген дерек айтты

Көркем Алдабергенова 20 қаз. 2025 10:27

Белгілі блогер Лейла Рахымжанова өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында қазақ киносының аңызға айналған туындысы - "Қыз Жібек" фильмінде қалай түскенін және сол кездегі көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақ қыздарын ең сұлу емес дейтін…"

"Мен "Қыз Жібек" фильміне түскім келді, себебі сол кезде қазақ қыздарын ең көріксіз деп айтатын. Сондықтан мен фильмде әдемі қыздар да көрінуі керек деп ойладым. Бірақ бізді мүлде түсірмеді. Түсірілім тобы тек басты кейіпкермен айналысты. Біздің жүзімізге қара қошқыл грим жағып, боянуға тыйым салынды. Ал егер біз "Қыз Жібектен әдемірек" шыққан кадр болса, ол бірден қиылып тасталатын. Осылайша фильмде Қыз Жібектен басқа әдемі қыздар мүлде көрінбей қалды", – деп еске алады Лейла Рахымжанова.

"Ағам күлкіге қарық болды, мен қорықтым"

Блогердің айтуынша, фильм жарыққа шыққан сәтте ауыр сезім болған.

"Фильм шыққан кезде ағам мені экраннан көріп, күлкісін тоқтата алмады. Мен қатты қорықтым, және осы фильмге түскеніме өкіндім", – дейді ол.

"Мен режиссерлерге ұнадым, бірақ киноны қойдым"

Соған қарамастан, Лейла Рахымжанова сол кезеңдегі әйгілі режиссерлердің назарында болғанын айтады.

"Мәскеу мен Ленинградтан келген режиссерлер маған ерекше көңіл бөлетін. Тіпті Кончаловский мені бірнеше ай күткен. Бірақ мен ол кезде тұрмысқа шығып кеттім де, режиссердің ассистенттеріне "енді киноға түспеймін" дедім. Олар "тым болмаса келіп, бір көрініп кетіңіз, сізді мықты адамдар күтіп отыр" дейтін. Мен бәрін түсінетінмін, бірақ өзімді тым адал жар санадым", – деп жазды ол.

Айта кетейік, 1970 жылы түсірілген "Қыз Жібек" фильмі қазақ киносының алтын қорына енген туынды. Басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешова сол кезден бастап ұлттық сұлулықтың символына айналды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар