Қазақстанда жаңа мемлекеттік ордендер пайда болады

Қазақстанда жаңа мемлекеттік ордендер пайда болады
Liter.Kz

Қазақстанда «AI Farabi», «Qoja Ahmet Yassaui» және «Мейірім» атты жаңа мемлекеттік ордендер енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сенат «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілген өзгерістерді қабылдады.

Жаңа ордендер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында тағайындалып отыр.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев ұлы ойшылдар мен ағартушылардың мұрасын қазіргі қоғамда кеңінен насихаттау маңызды екенін айтқан.

«Бабаларымыздың баға жетпес еңбектерін қазіргі заман тұрғысынан жаңаша дәріптеу маңызды. Ұлы ағартушыларымыздың мұрасын кеңінен насихаттап, дамыту қажет. Осы міндетті жүзеге асыруға жаңа ордендерді тағайындау ықпал етеді», - деген болатын Мемлекет басшысы.

Жаңа наградалар бойынша:

  • «AI Farabi» ордені білім, ғылым, мәдениет және руханият саласындағы ерекше еңбегі үшін беріледі.
  • «Qoja Ahmet Yassaui» орденімен мемлекетшілдікке, гуманитарлық және ағартушылық салаға үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері марапатталады.
  • «Мейірім» ордені қайырымдылық, меценаттық және филантропия саласына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.