Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асты

Кәмшат Тілеухан 16 қаң. 2025 15:56 210

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3%-ға ұлғайды. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0%-ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 54,0%–ы - халыққа берілген кредиттер, деп жазады Dalanews.kz.

"Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6%-ға өсіп, 18,8 трлн теңгені құрады, халыққа берілген кредиттер 23,7%-ға, яғни 22,1 трлн теңгеге дейін өсті", делінген Ұлттық банктің желтоқсан айының қорытындысы бойынша жасаған есебінде.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8  трлн теңгеге дейін ұлғайса, ал шетел валютасындағысы 64,0%-ға, 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен).

Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,8%-ын құрады.

Бұған дейін сайтымызда "Банктерден жұрт бұрқыратып қарыз алып жатыр, проблемалық заемдар да артуда" деген мақала жарияланған. Онда Halyk Finance сараптама орталығының жариялаған зерттеуі ұсынылған.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар