Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады: оның міндеттері қандай?

Сағыныш Сардарова 24 қаң. 2026 16:24

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ержан Жиенбаев вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды.

Вице-президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.

Вице-президентті қызметінен Президент босататын болады.Вице-Президент:

  • Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
  • Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.

Сонымен қатар, Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады. Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады. Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет.

Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove