Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
"Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр", - деді министр.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 27-ге жетті.
Осы індетке шалдыққан тағы бір ел азаматы әзір Германияда ем-дом алуда.
Бұдан бұрын Алматыда үш адамның қауіпті инфекция жұқтырғаны хабарланған. 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы рейсімен келген екі жасар сәбидің вирусқа шалдыққаны белгілі болды.
Коронавирустың алдын-алу және оның таралуына тосқауыл қою мақсатында президент Тоқаев бір айға созылатын төтенше жағдай жариялады.