Қазақстанда салықтық жүктеме коэффициенті жаңа әдіспен есептеледі

Көркем Алдабергенова 30 қаз. 2025 16:31

2026 жылдан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салықтық жүктеме коэффициентін есептеудің жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа тәсілге сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәнін әрбір облыс және облыстық маңызы бар қалалар бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бөлек айқындайды.

Бұл талап арнайы салық режимін алты айдан астам қолданатын салық төлеушілерге, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін пайдаланатындарға қатысты болады.

Орташа салалық мәнді есептеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жылына бір рет жүргізіледі. Есептеу үшін қажетті деректер келесі жылдың 1 мамырына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінде бар ақпарат негізінде жиналады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар