Қазақстанда қайта күн жылынады

Қазақстанда қайта күн жылынады
ort.com

Қазақстанда қайта күн жылынады. Қазгидромет үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Десе де солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде түнде салқын болады. Солтүстік-шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен кейбір жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте +28…+33 градус;
  • солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+30 градус;
  • оңтүстік-шығыста +20…+27 градус, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+15 градус.