Қазақстанда нақты жалақы өсуін тоқтатты

Кәмшат Тілеухан 12 там. 2025 15:31

2025 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды санамағанда бір жұмысшыға шаққандағы орташа айлық жалақы 448,6 мың теңге болды. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш номиналды түрде 11,3% өсті. Алайда нақты мәнінде, яғни инфляцияны ескерсек, өзгеріс жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz DATA HUB-ке сілтеме жасап.

Бірінші несиелік бюроның мәліметінше, бұған дейін қатарынан инфляция бойынша сегіз тоқсан бойы өсім байқалған еді.

"Нақты жалақының алдыңғы жылдың сол тоқсанымен салыстырғанда бір деңгейде қалуы 2015 жылдың басынан бастап жүргізілген бақылаулар тарихында алғаш рет тіркеліп отыр. Жалпы, бұл көрсеткіштің әдеттегі жылдық динамикасы — өсім. Соңғы 7,5 жыл ішінде төмендеу тек екі рет болған, ең соңғысы – 2023 жылдың I тоқсанында (-0,6% жылдық көрсеткіш). Сәйкесінше, сәуір–маусым айларында нақты жалақының жылдық өсімі тоқтады. Жалпы картинаны толықтырсақ: осы сегіз тоқсандық өсім кезеңінде қарқын онша жоғары болмады — орта есеппен +2,5%", - дейді сарапшылар.

DATA HUB жалпы көрсеткішті ең көп төмендеткен құрылыс саласы болды, мұнда нақты жалақы бір жылда бірден 10,8% қысқарды (қазіргі номиналды мәні – 490,2 мың теңге). Құрылыстан бөлек, инфляцияны ескергендегі жалақы тағы алты салада азайды, соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау салаларында – екеуінде де 3,1% (тиісінше 373,8 мың теңге және 339,6 мың теңге).

Бұған дейін 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде мыңдаған қазақстандық 1,3 млрд теңге жалақысын ала алмай жүргенін жазғанбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар