Мыңдаған қазақстандық 1,3 млрд теңге жалақысын ала алмай келген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 239 кәсіпорны 3,5 мыңнан аса жұмыскерге 1,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексеріс барысында еңбек құқығы бұзылуының 4 мыңнан аса фактісі анықталды.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынды.
3,4 мыңнан аса адамның құқығы қорғалған. Оларға 1,1 млрд теңге төленді.
2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 514 тексеріс жүргізді, оның барысында 4 132 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек саласында – 3 465; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 648; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.