Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай жаста алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай жаста алады?
Фото: ЖИ

Қазақстанда орташа айлық жалақының ең жоғары деңгейі 35 пен 44 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, осы жастағы қызметкерлер орта есеппен айына 489 629 теңге алады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жалақы көлемі еңбек жолының алғашқы кезеңінде біртіндеп өсіп, 35–44 жас аралығында шегіне жетеді. Бұдан кейін табыс деңгейі қайта төмендей бастайды.

Мәселен, 16–24 жастағы жастардың орташа жалақысы 310 256 теңге болса, 25–34 жас аралығындағы қызметкерлер айына орта есеппен 424 097 теңге табады. 45–54 жаста бұл көрсеткіш 467 544 теңгеге дейін төмендейді.

Ал 55–64 жас аралығындағы азаматтардың орташа айлығы 399 772 теңгені құрайды. 65 жастан асқан қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 341 869 теңгеге тең.

Ерлер қанша табады?

Ер азаматтар арасында да ең жоғары жалақы 35–44 жас аралығында тіркелген. Бұл жастағы ерлердің орташа айлығы 574 138 теңгеге жетеді.

25–34 жастағы ерлер орта есеппен 477 344 теңге алса, 45–54 жас аралығында бұл көрсеткіш 555 066 теңгені құрайды. Ал 55–64 жастағы ерлердің айлығы 442 963 теңгеге дейін төмендейді.

16–24 жастағы ер азаматтар орта есеппен 337 772 теңге, ал 65 жастан асқандар 350 733 теңге табады.

Әйелдердің жалақысы қандай?

Әйелдер арасында ең жоғары орташа жалақы да 35–44 жас тобына тиесілі. Олардың айлық табысы 407 441 теңгені құрайды.

45–54 жастағы әйелдер орта есеппен 402 660 теңге алады. 25–34 жас аралығында бұл көрсеткіш 361 169 теңге болса, 55–64 жаста 363 965 теңгеге тең.

Ал 16–24 жастағы қыз-келіншектердің орташа айлығы 279 555 теңгені құрайды. 65 жастан асқан әйелдер айына орта есеппен 331 539 теңге алады.