Қазақстанда салық бойынша 1 трлн теңгеден аса қарыз жиналды: кімдер төлемеген?

Қазақстанда салық бойынша 1 трлн теңгеден аса қарыз жиналды: кімдер төлемеген?
centeraktiv.kz

Қазақстанда салық берешегі 1 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды dalanews.kz.

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы салық берешегінің жалпы сомасы 1,06 трлн теңгеге жетті.

Қаржы министрлігі салық берешегін төрт айдан аса уақыт өтемеген жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы мәлімет жариялаған.

Олардың негізгі қарызы 523,5 млрд теңге болса, өсімпұл көлемі 510,3 млрд теңгеге жеткен.