Қазақстанның бірқатар өңірінде егін орағы науқаны басталып, бүгінгі күнге дейін 1,6 миллион тонна астық жиналды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметіне сәйкес, дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 19,1 центнерді құрады. Жиналған астықтың 1 млн 67 мың тоннасы – бидай, ал 456 мың тоннасы – арпа.
Сонымен қатар диқандар 411 мың тонна көкөніс, 11,5 мың тонна картоп және 228,7 мың тонна бақша дақылдарын жинады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде жалпы 24,2 миллион гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 15,6 млн гектар;
- майлы дақылдар – 5,2 млн гектар;
- мал азықтық дақылдар – 3 млн гектар;
- мақта – 173,6 мың гектар;
- ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп – 89,9 мың гектар;
- қант қызылшасы – 23,8 мың гектар.
Ведомство егін орағы науқанының барысы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.