2024 жылдың қазан айында Бірінші несиелік бюро операторы болып табылатын DMAS стрестік активтерді сатушы алғашқы цифрлық платформа іске қосылды. Оның аясында алғашқы сауда-саттық 19 қарашада жүргізілді. Нәтижесінде Халық банктің балансындағы бес жылжымайтын мүлік 1,3 млрд теңгеге сатылды, деп жазады Dalanews.kz.
Бүгінгі таңда цифрлық платформада "ФинтехФинанс" МҚҰ және Фридом Банк Қазақстан, Халық банкі, ЦКБ сияқты қаржы ұйымдарына тиесілі 25 актив орналастырылған. Әдетте, бұл активтерді сатып алушылар микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, стрестік активтерді басқару ұйымдары және жеке тұлғалар болып келеді, деп жазады LS.
Айта кетсек, 2022 жылдың жазында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы стрестік активтерді дамыту мәселелері туралы Заңға қол қойды. Кейінірек ҚНДРА аталған нарықтың көлемі шамамен 2,4 трлн теңгені құрайтынын жариялады.
Сонымен қатар, ҚНДРА стрестік активтерге қатысты сауда-саттық талаптарын қайта қарастыру ниеті барын да мәлімдеген. Атап айтқанда, реттеуші орган сауда-саттық туралы хабарландыруды жариялау мерзімін өткізілетін уақытына дейін 15-тен 10 күнге дейін қысқартуды ұсынады.
Сондай-ақ, агенттік сауда-саттыққа қойылған объектінің ең төменгі бағасын кезең-кезеңімен төмендетуді қарастырғысы келеді. Атап айтқанда, екінші сауда- саттыққа шығарылған объекті бағасы нарықтық құнының 70% - дан аспауы тиіс, онда да өтпей, келесі сауда-саттыққа шығарылса 50%-дан артылмауы керек.