Қазақстанда бағалы қағаздың жаңа бір түрі айналымға енгізілмек

Кәмшат Тілеухан 10 ақп. 2025 10:40 836

Токенделген ипотекалық бағалы қағаздарды іске қосу экономиканың нақты секторында цифрлық құралдарды пайдалануға мүмкіндік бермек, деп жазады Dalanews.kz.

"Бұл құралдың жергілікті қор нарығында пайда болуы Қазақстанда цифрлық қаржы активтерін (ЦҚA) дамытудағы маңызды қадам болады" деп Ls сайты "Финамның" стратегиялар жөніндегі директоры Ярослав Кабаковтың сөзін келтіреді.  Ол бүгіндері өткен жылдан бастап енгізілген АХҚО арқылы реттеу жүйесі есебінен осындай құралдарды шығару үшін құқықтық негіз қалыптастырылып жатқанын еске салады.

"Токендеу үшін блокчейнді пайдалану мәмілелердің ашықтығына, әкімшілік шығындардың төмендеуіне және әлемдік трендтерге сәйкес процестерді жеделдетуге ықпал етеді. Ал ипотекалық бағалы қағаздарды токендеу жергілікті және шетелдік инвесторларды тарта отырып, өтімділікке қолжетімділікті кеңейтеді және цифрлық құралдардың экономиканың нақты секторына интеграциялауға ықпал етеді", – деп атап өтті Кабаков. 

"Финамның" өкілі бұл бастама еліміздің инновациялық қаржы орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтып, ЦҚА-ның одан әрі дамуын ынталандырады деп санайды. Бұл құрал шарттарына сәйкес, Базель-III стандарттарына сәйкестікті, блокчейн платформаларын пайдалануды, кепілдікке қойылған заттың нақты құнын есепке алуды және эмитенттерге жеңілдіктерді қамтиды, бұл облигацияларды банктер үшін тартымды ете түседі.

Сонымен қатар, Кабаков мұндай құралдар бағалы қағаздар нарығының өсімі, токенизация артықшылықтары мен мемлекеттік қолдаудың арқасында Қазақстан қор нарығында жоғары сұраныс әлеуетіне ие екенін айтады.

"Жоғары базалық мөлшерлеме мен инфляцияға қарамастан, реттеушілердің корпоративтік несиелендіруді ынталандыру шаралары бұл факторларды жеңілдетуі мүмкін", – деп атап өтті сарапшы.

Сондай-ақ ол елімізде цифрлық қаржылық активтердің дамуына ықпал ететін басқа құралдарға да тоқтала кетті. Олардың ішінде криптовалюталар мен стейблкоиндер, жасыл және әлеуметтік облигациялар, синдикатталған заемдар және АХҚО-ның реттеуші "құмсалғышы" да бар. Оның пікірінше, бұл элементтер қадағалау шараларымен, технологиялық шешімдермен және нарықтық сұраныспен бірге еліміздегі цифрлық қаржылық активтер үшін тұрақты экожүйені құрайды.

"Токенделген ипотекалық облигациялардың іске қосылуы отандық қаржы нарығын цифрландыру үшін катализатор болады. Алайда оның жетістігі реттеуші шараларды, технологиялық инфрақұрылымды және инвесторлармен білім беру жұмысын синхрондауға байланысты айқындалады. АХҚО мен жеке инвесторлар тәжірибесі дамудың оң перспективаларын көрсетіп отыр", - деп есептейді ол.

Қаржы нарығын реттеу және дамытту агенттігі бұл ретте бүгіндері Ұлттық банкпен, АХҚО-мен және басқа органдармен бірлесіп, айналымға цифрлық қаржы активтерін енгізу мәселесін талқылап жатқандарын атап өтті.

"Осының шеңберінде цифрлық қаржы активтерін реттеу тәртібін, сондай-ақ токенизацияланған бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға шығару ерекшеліктерін айқындайтын заңнамалық түзетулердің жалпы тұжырымдамасы пысықталуда", - дейді құзырлы ведомсвто.

Айта кетсек, бұл мазмұнда сайтымызда "Криптовалютаны биржадан тыс сату заңдастырылмақ: ҰБ стейблкоин турасында не дейді" деген материал жарияланған болатын. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар