Атырау облысының Құрманғазы ауданында әкімдік қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Мұсаұлы Имашев отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан.
Қайғылы жағдай 30 қазаннан 31 қазанға қараған түні болған.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазір оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
