Škoda Qazaqstan Astanaдағы Ne Prosto Orchestra концертіне бас серіктес болды

Škoda Qazaqstan Astanaдағы Ne Prosto Orchestra концертіне бас серіктес болды
allur

Astanaдағы Qazaqconcert сахнасында Ne Prosto Orchestra ұжымының «NE PROSTO RETRO 80s» бағдарламасымен концерті өтті. Музыкалық кештің бас серіктесі Қазақстандағы Škoda брендінің ресми дистрибьюторы әрі өндірушісі – Allur компаниясы болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

28 маусым күні өткен концертте көрермендер әлемдік және отандық 1980-жылдардың танымал әндерін Ne Prosto Orchestra ұжымының авторлық симфониялық өңдеуінде тыңдады. Бағдарламада Майкл Джексон, Sting, Modern Talking, Scorpions және өзге де әйгілі орындаушылардың шығармалары орындалып, көрермендерге кеңінен танылған туындылар жаңа оркестрлік форматта ұсынылды.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл серіктестік Škoda бренді ұстанатын мәдени құндылықтар мен дәстүрлерге құрмет көрсетудің жалғасы саналады. Чехияда Škoda Auto 30 жылдан астам уақыт бойы Чех филармониясымен ынтымақтастық орнатып, мәдени және музыкалық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Қазақстандағы Ne Prosto Orchestra концерті осы дәстүрдің жалғасы болды.

«Біз Ne Prosto Orchestra сияқты талантты ұжыммен әріптестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Біздің көзқарасымыз ұқсас: Škoda уақыт талабына сай дамып, негізгі құндылықтарын сақтай отырып, сапалы өнім ұсынады. Ал Ne Prosto Orchestra классикалық және танымал шығармаларды жаңа қырынан ұсынып, заманауи тыңдарманға жақындатады. Өткенді білу - бүгінді түсініп, болашақты болжауға мүмкіндік береді. Ұжымға шығармашылық табыс тілейміз», – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының жетекшісі Андрей Тананыкин.

Бүгінде Allur Қазақстандағы Škoda автокөліктерінің ресми дистрибьюторы әрі өндірушісі болып табылады. Автомобильдер Қостанай қаласындағы өндіріс алаңында шығарылады. Компанияның мәліметінше, Škoda – Қазақстанда сериялық өндірісі жолға қойылған жалғыз еуропалық автомобиль бренді. Сонымен қатар компания мәдени және қоғамдық бастамаларды қолдауға да ерекше көңіл бөледі.