Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі: енгізілетін өнімнің сәйкестік талаптары

Көркем Алдабергенова 31 қаз. 2025 17:53

Қазақстандық тауар өндірушілер Реестрін сынақтан өткізу кезеңі аяқталды. Мемлекеттік цифрлық сервис - тауардың Қазақстанда өндірілгенін дәлелдеп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Электрондық қаржы орталығы» АҚ бірлесе отырып, сынаққа қатысқан қазақстандық тауар өндірушілердің барлық ұсыныстарын мұқият талдап жатыр. Соңғы түзетулер енгізілгеннен кейін цифрлық сервис іске қосылады.

Қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне кәсіпорынның әрбір өнімі шынымен Қазақстанда өндірілгені тексерілгеннен кейін енгізіледі.

Жүйе Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды және өндірістің локализация нормаларына сәйкестігін талдайды. Мұның нәтижесінде мұнай өңдеу, химия, машина жасаудан бастап, ағаш өңдеу, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі секілдібарлық салалар үшін бірыңғай әрі ашық талаптар белгіленеді.

1. Локализация және ішкі құн үлесін бағалау

Сервис өндірушіге өз өніміне сай СЭҚ ТН кодын таңдауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін жүйе өнімнің ресми атауын автоматты түрде шығарып, қазақстандық өнім екенін растау үшін қажетті өндіріс шарттары мен технологиялық операциялар тізімін, сондай-ақ осы тауар түріне белгіленген ең төменгі локализация деңгейін көрсетеді. Реестрде барлығы 3 371 тауар тобы СЭҚ ТН кодтары бойынша қамтылған.

Кәсіпорын Қазақстанда жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды мына мәліметтер арқылы растайды:

1. Өндіріс пен технологиялық операциялардың ең төменгі шегін орындау;
2. Келесі критерийлердің бір немесе бірнешеуін қамтитын өндіріс шарттары:
Белгілі бір шикізаттан немесе құрамдас материалдардан өнім шығару;
өнімді сынау;
нормативтік-техникалық немесе рұқсат құжаттарының болуы.
3. Әрбір өндірістік процестің бейнежазбасын ұсыну.

Сонымен қатар, қазақстандық құн үлесі бекітілген формула бойынша есептеледі, ол импорттық шикізат пен материалдардың құны мен дайын өнімнің өзіндік құнын қамтиды.

Сервис берілген ақпаратты таңдалған СЭҚ ТН кодына сәйкес операциялар тізімімен автоматты түрде салыстырады. Егер расталған өндіріс сатыларының саны мен есептелген құн үлесі белгіленген минимумнан кем болмаса, өнім Қазақстанда өндірілген болып саналады.

2. Өндірістік инфрақұрылым мен жабдықтың болуы

Өндіріс процесінің шынайылығын дәлелдеу үшін кәсіпорын әр өнім үшін жұмыс істейтін өндірістік алаңдар мен жабдыққа ие болуы керек. Өндіріс орындары мен жабдықтар туралы ақпарат кәсіпорынның жеке кабинетіне, Реестрдің цифрлық профиліне алдын ала енгізіледі.

Цифрлық тексеруден өткеннен кейін өтініш салалық комиссияның қарауына жіберіледі. Өнімді Реестрге енгізу туралы шешім барлық ұсынылған деректердің кешенді бағалауы негізінде қабылданады. Бұл тәсіл тексерулердің объективті және ашық өтуін қамтамасызетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар