Жетісай аудандық орталық ауруханасы жөндеуден өтіп, су жаңа медициналық құралға ие болды

Жарбол Кентұлы 06 ақп. 2025 18:57 1412

Түркістан облысының Жетісай аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп су жаңа «Ангиограф» медициналық құралы орнатылылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық аурухана «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеу жұмысынан кейін емдеу мекемесіне заманауи қабылдау бөлімі және «Магнитті-резонансты томограф (МРТ)» ғимараттары салынған.

Күрделі жөндеу жұмыстары республикалық бюджеттен жасалды. Сондай-ақ, заманауи «Ангиограф» медициналық құралы орнатылып, ақхалаттылардың өз кәсібіне деген адалдығының арқасында қазір науқастарға жүрек-қан тамырлары ауруларына күрделі операциялар жасалынуда.

Ем алғандар дертіне дауа тауып, билік орындарына алғыс айтуда. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар арасында тек Жетісайда ғана бар. Сондықтан, көршілес аудан тұрғындары да бұл қызмет түрін ала алады.

Бүгінде аудандық ауруханада 1241 қызметкер жұмыс жасайды. Ауруханаға тіркелген халық саны – 85 315 адамды құрайды.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Компьютерлік томограф (КТ) медициналық құралы халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.

2025 жылға «Магнитті-резонансты томограф (МРТ)» медициналық құрал жабдығын сатып алу жоспарланған.

Қазіргі таңда аурухана көп бейінді аурухана статусына ие болу үшін, сондай-ақ медицина саласын қалыпты дамыта отырып, науқастарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жасалынуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар