Алматыда жоғалған 25 жастағы жігітке қатысты тың дерек шықты

Алматыда жоғалған 25 жастағы жігітке қатысты тың дерек шықты
ktk.kz

Алматыда із-түссіз жоғалған 25 жастағы Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

"КТК" телеарнасының мәліметінше, ол құрылыс нысанында геодезист көмекшісі болып жұмыс істеген. 19 мамырда әдеттегідей жұмысқа кеткен, алайда кешке үйіне оралмаған.

Туыстарының сөзінше, түскі сағат екі шамасында Ерзат басшысынан дүкенге шығуға рұқсат сұраған. Кейін автобусқа отырып, Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылы бағытына кеткен. Оның телефоны соңғы рет дәл сол маңда белсенді болған. 

Жақындарының айтуынша, Ерзат бұған дейін ешқашан ескертусіз үйден кетпеген. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, ешқандай есепте тұрмайды. Қазір оны туыстары, еріктілер мен полиция іздеп жатыр.

"Ерзат Райымбек даңғылындағы метроға түскен екен. Қарама-қарсы бетке шығып, жан-жағына қарағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Біреуді іздеп жүргендей көрінеді. Кейін автобусқа отырып кетіп қалған. Ол ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін, бес уақыт намаз оқитын. Ешқандай діни немесе деструктивті ұйымдарға қатысы жоқ. Ерзатты көргендер болса, бізге хабарласуын сұраймыз", - деді анасы Талшын Құсайынова.

Байланыс нөмірі: 8 771 400 77 76