Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады: тұрғындарға ескерту жасалды

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады: тұрғындарға ескерту жасалды
gov.kz

28 мамырда Астанада Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы шаралары аясында жойғыш ұшақтар ұшады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 24 мамырдан бастап Астана әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығуы басталады.

Министрлік дайындық шаралары қауіпсіз биікте өтетінін және қала тіршілігіне кедергі келтірмейтінін хабарлады. Дегенмен жаттығу мен көрсетілім кезінде шу деңгейі уақытша көтерілуі мүмкін.

"Барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және тұрғындарға қауіп төндірмейді. Түрлі түсті түтіндер тек көрсетілім мақсатында пайдаланылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейді", – деп жазылған хабарламада.