Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақтоты Жапатова 01 қар. 2025 09:56

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар