Freedom Inside '26

Қазақстанда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Қазақстанда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды
ЖИ: Dalanews.kz

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанның мансап орталықтары 200,4 мың азаматты жұмыспен қамтыды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жұмысқа орналасқандардың қатарында 75 мың жас және 81 мың әйел бар. Биыл елде 40,4 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңда соның шамамен 8 мыңы ашылған.

Сондай-ақ мансап орталықтарының қызметімен 17,4 мың мүгедектігі бар азамат қамтылды. Оның ішінде 6,4 мыңы жұмысқа орналастырылса, 3,8 мыңнан астамы Skills Enbek платформасында оқудан өткен. Жыл басынан бері 170,6 мың адам кәсіптік бағдар беру қызметін алған. Олардың 138 мыңы – жұмыс іздеушілер.

Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының үлесін 45 пайызға дейін жеткізу көзделген.