Қазақстандықтарға демалыс үйлерін жалға беру кезінде қолданылып жатқан жаңа алаяқтық тәсілі туралы ескерту жасалды. Алаяқтар әлеуметтік желілер мен жарнама сайттарына жалған хабарландыру жариялап, алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай қояды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты интернетте жалған демалыс үйлерін ұсынатын алаяқтар көбейген. Олар тартымды бағамен және әдемі фотосуреттермен хабарландыру жариялап, тұрғындардан бронь үшін алдын ала ақша аударуды сұрайды.
Ақша жіберілгеннен кейін жалған жалға берушілер хабарсыз кетеді немесе көрсетілген мекенжайдың мүлде жоқ екені анықталады. Кей жағдайларда олар өзгенің демалыс үйінің суреттері мен сипаттамасын пайдаланады.
Мамандар тұрғындарға бронь жасамас бұрын нысанның нақты бар-жоғын тексеруге, иесінің жеке басын растауға, пікірлермен танысуға және күмәнді жеке шоттарға алдын ала ақша аудармауға кеңес береді.