Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алғашқы дүмпулерден кейін бірнеше қайталама жер асты дүмпуі байқалған. Билік өкілдері Пуэрто-Рикоға, сондай-ақ, АҚШ пен Ұлыбританияның Виргин аралдарына цунами қаупі туралы ескерту жасаған.
Әлеуметтік желіде табиғи апаттың салдары түсірілген видеолар тарап жатыр. Кадрларда ғимараттар зақымданғаны, кей жерлерде қабырғалар құлағаны көрінеді.
Сонымен қатар, ел астанасындағы халықаралық әуежай зардап шеккен болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Елде төтенше жағдай жарияланған. Құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.