Freedom Inside '26

АҚШ-тағы футбол чемпионаты рекорд жаңартты: қымбат билет те жанкүйерлерді тоқтатпады

АҚШ-тағы футбол чемпионаты рекорд жаңартты: қымбат билет те жанкүйерлерді тоқтатпады
Olympic.Kz

АҚШ-та өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты көрермен саны бойынша рекорд орнатуға жақын. Қымбат билет бағасы мен бірқатар ел азаматтарына қойылған кіру шектеулеріне қарамастан, турнирге қызығушылық жоғары болып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

44 матчтың қорытындысы бойынша стадиондарға 2,85 миллионнан астам жанкүйер келген. Кездесулердегі орындардың толу деңгейі шамамен 100 пайызға жеткен.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жоғары көрсеткішке тек футболдың танымалдығы емес, америкалықтардың ірі халықаралық спорттық іс-шараларға деген қызығушылығы да әсер еткен.

Екінші нарықтағы билет құны орта есеппен 798 АҚШ долларына дейін жеткенімен, сұраныс бәсеңдемеген. Мамандардың болжамынша, турнирден FIFA-ның жалпы табысы 4 миллиард доллардан асуы мүмкін.

Сондай-ақ халықаралық туризмнің төмендеуі мен кейбір мемлекет азаматтарына қатысты енгізілген шектеулер де жарыстың ең көп көрермен жинаған турнирлердің біріне айналуына кедергі болмағаны атап өтілді.