Қазақстанда аптап ыстықтың жаңа толқыны басталады

Қазақстанда аптап ыстықтың жаңа толқыны басталады
pixabay.com

8-10 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мамандардың болжамынша, алдағы күндері солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстік облыстарда күн одан әрі ысып, +35...+41 градусқа дейін жетеді. Батыс және орталық аймақтарда да аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар, кезең соңында еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ түсу ықтималдығы бар.

Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сақтық шараларын сақтап, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға кеңес береді.