Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілді
shutterstock.com

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміне 31 атау енгізілетінін мәлімдеді. Олардың қатарында ет, балық, көкөніс және өзге де өнімдер бар. Оның айтуынша, бұл – уақытша шара.

"Ең басты мақсат – ең алдымен халық үшін бағаны қолжетімді ету. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінің кеңеюі өндірушілерге ешқандай әсер етпейді, 15 пайыздық сауда үстемесі сақталады", – деді Ернұр Жәутікбаев.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу халықтың күнделікті тұтынатын негізгі өнімдерінің қымбаттап кетуіне жол бермеуге бағытталған.