Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа қызметке барды

Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа қызметке барды
gov.kz

Қазақстан Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабар» агенттігінің директорлар кеңесінің мүшесі атанды.

Тиісті ақпарат агенттіктің ресми сайтында жарияланды. Мәліметке сәйкес, Айбек Смадияровты директорлар кеңесінің құрамына енгізу туралы шешімді компанияның жалғыз акционері 2026 жылғы 2 қазанда қабылдаған.

Тағайындау №477-НҚ бұйрығы негізінде жүзеге асырылған.

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, Смадияровтың «Хабар» АҚ-да және оның үлестес компанияларында акциялары немесе қатысу үлестері жоқ. Сондай-ақ ол агенттікке қызмет көрсететін ұйымдар мен бәсекелес компаниялардың акцияларына иелік етпейді.

Айбек Смадияров кім?

Айбек Смадияров 1983 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы бастап, кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Венгрия мен Вьетнамдағы Қазақстан елшіліктерінде дипломатиялық қызметте болған.

2018–2025 жылдары Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мен ақпараттық құрылымдарында басшылық лауазымдарды атқарды.

2025 жылдың желтоқсанында Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Ал 2026 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне кірісті.

Смадияров I сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. «Халық алғысы» және «Шапағат» медальдарымен марапатталған.