Қазақстанда 5 қаңтардан бастап автокөлік нөмірін еркін таңдау қызметі іске қосылады

Қаракөз Амантай 02 қаң. 2026 13:00

Қазақстандағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (арнайы ХҚКО) автокөліктерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін еркін таңдау мүмкіндігі 5 қаңтардан бастап қолжетімді болады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"МТБН-ны таңдау қызметін азаматтар 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап АРНАЙЫ ХҚКО арқылы пайдалана алады. Кез келген қалаған әріптік және сандық комбинациясы бар нөмірдің құны 10 АЕК және 15 АЕК көлемінде болады (сұранысы жоғары нөмірлер бұл санатқа кірмейді, оларды алу үшін бөлек алымдар қарастырылған)", — деді жұма күні ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

ІІМ-нің түсіндіруінше, халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қалаған цифрлық және әріптік белгісі бар мемлекеттік нөмірлерді еркін таңдау мүмкіндігін көздейтін нормалар әзірленіп, олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар