Freedom Inside '26

Қазақстанда 30 жылға жететін алтын қоры бар

Қазақстанда 30 жылға жететін алтын қоры бар
altynalmas.kz

Қазақстандағы алтын қорының көлемі 30 жылға жетеді. Бұл туралы мәліметпен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. Соңғы деректерге сәйкес, министрлік қазіргі өндіру көлемін ескере отырып, еліміздегі негізгі пайдалы қазбалардың жеткілікті мерзімі мынадай екенін хабарлайды:

  • Алтын — 30 жыл
  • Мыс — 38 жыл
  • Қорғасын — 156 жыл
  • Темір кендері — 957 жыл
  • Көмір — 350 жыл

Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.

Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.

Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі.