Қазақстанда 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігі тоқтатылды

Қазақстанда 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігі тоқтатылды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда денсаулық жағдайына байланысты көлік басқаруға рұқсаты жоқ 10 мыңнан астам азаматтың жүргізуші куәлігінің күші тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде белгілі болды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың мәліметінше, көлік жүргізуге кедергі келтіретін аурулардың 8 негізгі тобы бар. Осындай медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды анықтау және бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысында өтетін медициналық тексеру үдерісі толықтай цифрландырылды. Енді медициналық анықтамалар электронды түрде рәсімделіп, комиссия қорытындылары бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі.