Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясы тағы қымбаттайды

Кәмшат Тілеухан 31 шіл. 2025 10:02

2025 жылдың 1 тамызынан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде электр энергиясының шекті тарифтері өседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Энергетика министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 шілдеде қол қойған бұйрығына сәйкес, елімізде электр энергиясына белгіленген шекті тарифтерге өзгерістер енгізілді.

Аталған құжат электр энергиясын сататын компаниялардың келесі топтары үшін тарифтерді мына шамада көтеруге мүмкіндік береді:

  • Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і 1кВт/сағ үшін бұрынғыдай 22,58 теңге емес, енді 23,25 теңге сұрайтын болады.
  • Ақтөбе ЖЭС – 1кВт/сағ үшін 18,19 теңге (қазір 17,54 теңге).
  • "Жайықтеплоэнерго" АҚ – 1кВт/сағ = 13,95 теңге (қазір 13,25 теңге).
  • МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 1кВт/сағ = 23,26 теңге (қазір 22,16 теңге).
  • "Crystal Management" АҚ – 1кВт/сағ = 16,09 теңге (қазір 15,27 теңге).
  • "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – 1кВт/сағ = 23,58 теңге (қазір 21,11 теңге).
  • "Z-Энергоорталық" – 1кВт/сағ = 18,46 теңге (қазір 16,77 теңге).
  • "Қызылорда жылу-энергетика орталығы" – 1кВт/сағ = 13,13 теңге (қазір 12,10 теңге).
  • "Батые Пауэр" ЖШС – 1кВт/сағ = 17,63 теңге (қазір 15,89 теңге).
  • "Karabatan Utility Solutions" ЖШС – 1кВт/сағ = 13,06 теңге (қазір 10,67 теңге).
  • "OzenMunaiProm" ЖШС – 1кВт/сағ = 28,68 теңге (қазір 26,92 теңге).
  • "ТНК "Қазхром" АҚ – 1кВт/сағ = 11,65 теңге (қазір 10,67 теңге).
  • "ССГПО" АҚ – 1кВт/сағ = 18,94 теңге (қазір 18,82 теңге).
Сондай-ақ 63-ші топтағы энергия өндіруші ұйымдар үшін тариф 1 кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.

Бұйрық 2025 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері электр энергиясы орташа есеппен 7,2%-ға, 2025 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша қосымша құн салығынсыз 1 кВтсағ үшін 22,62 теңгеге дейін қымбаттады. Электр энергиясы 10 өңірде қатты қымбаттады. Оның ішінде Астанада 21%-ға өсіп, ҚҚС-сыз 1 кВтсағ үшін 24,94 теңге болды. Сондай-ақ Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 20% өсім тіркелді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар