«Мектепке жол – 2025»: Жетісу облысында балаларға арналған көмек науқаны басталды

Ақтоты Жапатова 30 шіл. 2025 12:45

Осы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Биыл Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 16650 балаға көмек көрсету жоспарлануда- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Жыл сайынғы бұл дәстүрлі акция аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

Бүгінгі күні акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары жасалып, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақталып, бекітілген.

«Биылғы жылға аудан, қалаларда әлеуметтік осал топтағы  16650 баланың мектепке жиналуына көмек көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың 25229 баласын киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 1,1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге Ақсу, Көксу, Кербұлақ аудандарында 100% аударым жасалды. Қалған қала, аудандарда 15 тамызға дейін толық аяқтау жоспарда бар», - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар