Freedom Inside '26

Қазақстан қызанақ импортын уақытша шектеді

Қазақстан қызанақ импортын уақытша шектеді
ашық дереккөз

Қазақстан басқа елдерден жаңа піскен және салқындатылған қызанақ әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойған.

Құжатқа сәйкес шектеу 30 маусымға дейін күшінде болады және бұл тыйым автомобиль, теміржол, әуе және өзге де көлік түрлерімен тасымалданатын өнімдерге қатысты қолданылады.

Алайда бұл талап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін қызанақтарға әсер етпейді. Сондай-ақ, қызанақты Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға және ЕАЭО елдері арасында Қазақстан арқылы өткізуге рұқсат берілген.