Атырау облысында із-түзсіз кеткен отбасыға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. "Qazaq Airan" YouTube арнасы бұған дейін эфирге шықпаған деректерді көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Арна тілшілері бұған дейін Жангелдин ауылына арнайы барып, іздеуде жүрген азаматтардың туыстарымен сөйлескен. Сол кезде айтылған кейбір жайттар енді жария болып отыр.
Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шыламағамбетова ағасының мәйітін моргте өзі барып көргенін айтты. Оның сөзінше, ол марқұмды қолындағы жазуынан таныған.
"Моргке бардым. Өз көзімді жеткізу үшін ағамды көрдім. Қолындағы жазуынан таныдым. "Өзімнің ағам, таныдым" деп айттым. Үсті-басы балшық болды, беті де балшық еді. Жуындырмай тұрып көрсетті, жуындырғаннан кейін көрсеткен жоқ", – деді Әдемі Шыламағамбетова.