Freedom Inside '26

Гүлнәр Бәжкеноваға қатысты сот 26 маусымда басталады

Гүлнәр Бәжкеноваға қатысты сот 26 маусымда басталады
mgorod.kz

Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бәжкеноваға қатысты сот процесі 26 маусымда өтеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот отырысы осы жұмаға белгіленген. Істі Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 соты қарайды. Процесс онлайн форматта өтеді деп хабарлайды Respublika.

Гүлнәр Бәжкеноваға көрінеу жалған ақпарат тарату, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету баптары бойынша айып тағылған.

Қорғау тарапының мәліметінше, сотта оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғайды.

Әзірге сот отырысының нақты уақыты мен істің мән-жайына қатысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.