2024 жылы ЖІӨ өсімі 5% құрады

Жарбол Кентұлы 31 шіл. 2025 19:21

Нақтыланған деректер бойынша 2024 жылы ЖІӨ нақты көлем индексі 105% құрады.

Өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 136,6 трлн теңге. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 35,9%, қызметтердікі – 58%. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлес Өнеркәсіп саласына тиесілі – 26,1%.

Ең жоғары өсім Құрылыс (15,3%), Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (13,7%), Көлік және қойма (9,4%), Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (8,9%), Өңдеу өнеркәсібі (6,8%) салалары көрсетті.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2024 жылы 14 444,6 АҚШ долларын құрады.

Динамикада бақыланбайтын экономика үлесі 2020 жылғы 20,2%-тен 2024 жылы 16,7%-ке дейін төмендеген, оның ішінде заңсыз қызмет үлесі ЖІӨ-нің 1,18%.

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар