Freedom Inside '26

Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам жанып кеткен оқиға: газ құю бекетінің иесі ұсталды

Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам жанып кеткен оқиға: газ құю бекетінің иесі ұсталды
видео кадры

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жанармай құю бекетінде көлік өртенген оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан: әйел адам және кәмелетке толмаған екі бала. Сондай-ақ, бір ер адам күйік жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 281-бабы ("Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс тіркелді. АГҚС (автогаз құю станциясы) иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан газ құю бекетінде көлік өртеніп, салдарынан үш адам көз жұмғаны хабарланды.