Freedom Inside '26

Екеуі - бала: Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам қаза тапты

Екеуі - бала: Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам қаза тапты
видео кадры

Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан газ құю бекетінде көлік өртеніп, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өрт туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне сағат 22:55-те түскен. Жалын толықтай 23:03-те сөндірілген.

Алайда осы уақыт аралығында көліктің ішінде болған үш адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың екеуі кәмелетке толмаған балалар болған.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.