Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте көтерілді

Көркем Алдабергенова 14 сәу. 2026 17:17

Қазақстан паспорты Henley Passport Index жаһандық рейтингінде өз позициясын жақсартты. 2026 жылғы жаңартылған дерек бойынша ел 57-орынға көтерілді, ал Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз бара алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Henley & Partners индексіне сәйкес, қазақстандық паспорт соңғы жылдары тұрақты түрде жоғарылап келеді.

Егер 2023 жылы Қазақстан 70-орында болса, 2024 жылы - 66-орынға, 2025 жылы - 61-орынға көтерілген. Ал 2026 жылы 57-сатыға дейін жетті. Осылайша, 2,5 жыл ішінде ел 13 позицияға ілгеріледі.

Рейтингте Қазақстан Боливия мен Беларусьтен жоғары орналасқанымен, Косово мен Қытайдан кейін тұр.

Өңірлік салыстыруда Қазақстан ортаңғы деңгейде қалып отыр. Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орынды бөлісіп, олардың азаматтары 59 елге визасыз бара алады. Тәжікстан 79-орында (53 ел), ал Түрікменстан 87-орында (45 ел).

Ресей 44-орында орналасқан, оның азаматтарына 113 бағыт қолжетімді. Беларусь - 58-орында, Әзербайжан - 66-орында (67 ел).

Рейтинг көшбасында Сингапур тұр - бұл елдің паспортымен 192 мемлекетке визасыз баруға болады. Сондай-ақ Жапония мен Оңтүстік Корея азаматтарына 187 елге визасыз кіру мүмкіндігі берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove