Қазақстан мен Өзбекстан: өңірлік серіктестіктің тереңдеуі және ортақ даму бағыты

Dalanews 15 қар. 2025 11:12

Қазақстан мен Өзбекстан соңғы жылдары Орталық Азиядағы өзара ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көтерілді. Көпдеңгейлі дипломатиялық байланыстар, экономикалық интеграция және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық екі елдің сыртқы саяси бағытын айқындауда маңызды рөл атқаруда.

Өзбекстандық сарапшы, саяси ғалым, философия ғылымдарының кандидаты, Г.В. Плеханов атындағы РЭУ Ташкент филиалының доценті Равшан Назаров екіжақты қарым-қатынастардың даму динамикасы, президенттер Тоқаев пен Мирзиёевтің ортақ көзқарастары және Астана мен Ташкенттің стратегиялық тандем қалыптастыру перспективасы жөнінде ойын бөлісті.

Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында өзараынтымақтасып келеді. Мұндайкөпдеңгейлі ынтымақтастық екі елдің сыртқы саясатына қалай әсер етеді? Екі ел прездентіхалықаралық аренада қандай ұқсас тәсілдерді алға жылжытып отыр?

Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы екі жетекші актор, олардың халықаралық және өңірлік ұйымдар арасындағыбелсенді ынтымақтастығы жай формальдылықтан алыс. Бұл көпқырлы серіктестік екі елдің сыртқы саяси бағытын қалыптастыруда және олардың әлемдік аренадағы ұстанымдарын нығайтуда маңызды факторға айналып отыр.

Көпдеңгейлі ынтымақтастық сыртқы саясатқа қалай әсер етеді?

Біріншіден, Қазақстан мен Өзбекстан ортақ халықаралық және өңірлік ұйымдар құрамында болуы олардың халықаралық аренадағы ықпалын арттыруға мүмкіндік береді. Маңызды мәселелер бойынша бірлескен ұстаным білдіру екі мемлекеттің халықаралық құрылымдар алдындағы беделін арттыра түседі.

Екіншіден, серіктестік сыртқы байланыстарды әртараптандыруға ықпал етеді. ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ,сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да алаңдармен бірлескен жұмысжүргізу арқылы екі мемлекет жаңа экономикалық, саяси және мәдени даму жолында жаңа мүмкіндіктергежол ашады.

Үшіншіден, Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты өңірлік бірлестіктер шеңберінде ынтымақтастық аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтады. Бұл терроризм, экстремизм, есірткі саудасына қарсы күрес сияқты ортақ қауіптерді бірге шешуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, су және энергетикалық ресурстарды тиімдібасқаруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, заңнамаларды және стандарттарды үндестіру екі ел арасындағы сауда, инвестиция және адамдар қозғалысын жеңілдетеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонұлы Мирзиёевтің халықаралық саясаттағы ұқсас ұстанымдары:

* Көпвекторлы және прагматикалық саясат. Екі ел де әлемдік державалармен теңгерімді қарым-қатынас орнатуға, ұлттық мүддені қорғауға бағытталған прагматикалық бағытты ұстанады.

* Өңірлік интеграция және ынтымақтастық. Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету – екі лидердің ортақ мақсаты. Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, сауда кедергілерін азайту – басты басымдықтар.

* Қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу. Қазақстан мен Өзбекстан кез келген дағдарысты бейбіт жолмен реттеуді қолдайды.

* Экономикалық дипломатия. Инвестиция тарту, сауда байланыстарын кеңейту және бизнеске қолайлы орта құру – маңызды бағыт.

* Орталық Азияның рөлін арттыру. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонұлы Мирзиёев аймақты әлем алдында біртұтас, перспективалы серіктес ретіндетанытуда белсенді.

Өзбекстан дәстүрлі түрде Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналады. Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынастардың динамикасы қалай өзгерді және олардың нығаюына қандай факторлар әсер етті?

Өзбекстан мен Қазақстан – аймақтағы өзара байланыстың тарихи және стратегиялық өзегін құрайтын мемлекеттер. Соңғы жылдары екіжақты қатынастар түбегейлі өзгеріп, жаңа деңгейге көтерілді.

Бұрын байланыстар «конструктивті көршілік» сипатында болған. Кейбір мәселелер толық шешілмей, шиеленістер де болған еді. Алайда Өзбекстанда жаңа басшылық келгеннен кейін нақты серпіліс байқалды.

Негізгі өзгерістер:

Шекара және визалық режим жеңілдетілді, рейстер саны артты, адамдар мен тауар қозғалысы жанданды.

Прагматикалық тәсіл нығайып, нақты нәтижеге бағытталған ынтымақтастық қалыптасты.

Сенімге негізделген диалог қалыптасты.

Қатынастарды нығайтқан негізгі факторлар:

1.Өңірлік қауіпсіздік: терроризм мен экстремизмге қарсы бірлескен жұмыс.

2.Өсіп келе жатқан тауар айналымы: Қазақстан – Өзбекстан экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі.

3.Ірі бірлескен жобалар: энергетика, транспорт, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп.

4.Көлік дәліздерін дамыту: теміржол және автожол инфрақұрылымы кеңеюде.

5.Мәдени-гуманитарлық алмасу: мәдениет күндері, фестивальдер, спорттық шаралар.

6.Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық: студенттік алмасулар, ғылыми жобалар.

7.Тарихи және мәдени жақындық: ортақ құндылықтар серіктестікті нығайтады.

8.Жоғары саяси ерік: екі ел басшылығының тұрақты кездесулері мен сындарлы диалогы.

Жалпы алғанда, Қазақстан–Өзбекстан байланыстары Орталық Азиядағы ең табысты үлгілердің біріне айналып, аймақтық тұрақтылық пен экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналуда.

Қазақстан бүгінде өзін Орталық Азияда диалог пен тұрақты дамудың бастамашысы ретіндетанытып келеді. Бұл бағыт Ташкент саясатына қаншалықты сәйкес келеді және өңірде Астана мен Ташкенттің стратегиялық тандемі қалыптасып жатыр деуге бола ма?

Қазақстанның өңірлік диалогты нығайту және тұрақты дамуды ілгерілету саясаты Өзбекстанның соңғы жылдардағы ашықтыққа бағытталған жаңа курсымен өзара үндесіп отыр. Бұл бағыттардың түйісуі екі елді табиғи серіктеске айналдырып, стратегиялық тандемнің қалыптасуына негіз болды. Бүгінде Өзбекстан Қазақстан ұсынған өңірлік бастамаларға белсенді қатысып отыр. Бұл мынадай аспектілерде көрініс табады:

Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екіжақты жиі кездесулер өткізіп, ТМД, ТМҰ, ЕАЭО, ШЫҰ және басқа да халықаралық форматтардағы саммиттерге қатысады. Мұндай кездесулер негізгі мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналған.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Екі мемлекет тауар айналымын ұлғайту, көлік дәліздерін дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық. Терроризм, экстремизм және есірткі саудасы сияқты ортақ қатерлер Астана мен Ташкентті қауіпсіздік саласында тығыз өзара әрекеттесуге итермелейді. Ақпарат алмасу, бірлескен жаттығулар және күштерді үйлестіру олардың серіктестігінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Су және экологиялық мәселелер бойынша бірлескен жұмыс.Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендер мәселесін шешу және қоршаған ортаны қорғау жолдарын белсенді түрде талқылайды.

Астана мен Ташкент арасында толыққанды стратегиялық тандемнің қалыптасуы туралы айтуға бола ма? Сарапшылар пікірінше, екі ел бұл тандемнің белсенді қалыптасу кезеңінде тұр. Оның нығаюына барлық қажетті алғышарттар бар.

Оған ықпал ететін факторлар:

- Жалпы геосаяси мүдделер: аймақтық тұрақтылық, қауіпсіздік, сыртқы тәуекелдерге бірлескен жауап.

- Өңірлік даму бойынша ұқсас көзқарастар. Екі мемлекет экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестиция тарту және азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі.

- Көшбасшылық және бастамашылдық. Қазақстан халықаралық диломатияда тәжірибелі болса, Өзбекстан демография, нарық және еңбек ресурстары бойынша аймақтыңмаңызды орталығы.

- Синергия потенциалы: екі елдің мүмкіндіктерін біріктіру Орталық Азияны жаңа экономикалық полюске айналдыра алады.

Жалпы, Астана мен Ташкент арасындағы серіктестік аймақтың болашағын айқындайтын стратегиялық деңгейге көтерілу үстінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар