Уфадан шыққан альпинист Рустам Нәбиев Эверест шыңына көтеріліп, тарихта екі аяғынсыз әлемнің ең биік нүктесін бағындырған алғашқы адам болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол 2015 жылы Омбыдағы әскери казарманың опырылуы кезінде ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылған еді. Соған қарамастан спортшы альпинизмді тастамай, ірі шыңдарды бағындыруын жалғастырған.
Нәбиев Эверестке жету үшін 7 күн уақыт жұмсаған. Бұған дейін ол Эльбрус, Манаслу, Арарат, Казбек, Килиманджаро және Аконкагуа секілді әйгілі шыңдарға шыққан.
Альпинист бұл сапардың аса қауіпті екенін алдын ала білген. Сол себепті сапар алдында өсиет жазып, Уфада салынып жатқан үйінің барлық төлемін толық жауып кеткені белгілі болды.