Қазақстан әлемге не сатып отыр?

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 11:45

Қазақстан 2025 жылы шетелге шамамен 79 млрд доллардың тауарын экспорттаған, деп хабарлайды Dalanews.kz "Finnews.kz"-ке сілтеме жасап.

Статистикаға сәйкес, ел экспортының негізгі бөлігін мұнай мен мұнай өнімдері құрайды. Атап айтқанда, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесі жалпы экспорттың шамамен 50,5%-ын алған.

Сонымен қатар экспорт құрылымында:

  • уран және радиоактивті өнімдер – 5,3%,

  • тазартылған мыс – 5,2%,

  • мыс кендері – 3,6%,

  • ферроқорытпалар – 2,6% үлеске ие.

Қазақстан тауарлары ең көп жөнелтілетін елдердің қатарында Италия (19,8%), Қытай (19,2%) және Ресей (10,3%) бар.

Одан кейінгі орындарда Нидерланды (7,6%), Түркия (4,9%) және Өзбекстан (4,5%) тұр.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан экспортының басым бөлігі әлі де шикізаттық тауарларға тиесілі. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove